Аймақ
Заңсыз сауда айналымынан 9 тоннадан астам балық тәркіленді
Атырау облысының полицейлері жыл басынан бері балық қорына заңсыз қол сұққандарға қатысты 57 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер биылғы 6 айда балық қорын қорғауға қатысты құқық бұзушылықты төмендетуге қол жеткізген. — Мұндай нәтижеге браконьерлік үшін жауапкершіліктің қатаңдатылуы оң ықпалын тигізді. Сонымен…
Толығырақ »Облыстық аурухана күрделі отаға дайын
Атырау облыстық ауруханасы жоспарлы емдеу шараларына дайындалып, таза аймақ жасақтауда. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. — Ендігі кезекте хирургиялық, неврологиялық, оңалтуды қажет ететін бейінді науқастарды емдеп бастаймыз. Тамыз айының ортасында күрделі оталарды аурухана шеңберінде жасауды жоспарлаудамыз, — дейді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.…
Толығырақ »Жарнама арқылы заңсыз ақша тапқан
Атырау облысында 3 компания жеке және заңды тұлғалардың ақшасын заңсыз тартқан. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, Атырау облысының прокуратурасы үлестік тұрғын үй құрылысына мониторинг жүргізген. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның талаптарына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу 3 тәсілмен (кепілдік беру…
Толығырақ »Дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қоры ашылды
Атырау облысында дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қоры ашылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Олардың мәліметінше, тұрақтандыру қоры дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды 4 миллион 800 мың теңгеге сатып алған. Бұл мақсатқа 500 миллион теңге бөлінген. Соңғы екі аптада 100 тонна дәрілік препарат әкелінген. Облыс әкімдігінің қолдауымен препараттарды аудандарға жедел жеткізу мәселесі…
Толығырақ »Атырауға шетелдік 35 отбасы көшіп келді
Биыл Атырау облысына шет мемлекеттерден 35 отбасы, 47 адам көшіп келді. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Мұнайлы астанаға қоныс аударған этникалық қазақтардың басым көпшілігі Өзбекстан Республикасынан, нақтырақ айтқанда, 25 отбасы, 35 адам келген. Ал Қытайдан келген 8 отбасы, 10 адам және Украинадан келген 2 отбасы, 2 адам біздің…
Толығырақ »Коронавирус: 150 мыңнан аса сынама алынған
Наурыз айынан бастап Атырау облысында COVID-19 бойынша 150 000-нан астам ПТР зерттеу жүргізілді. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Қазіргі кезде Атырау облысында ПТР зерттеу жүргізумен 8 зертхана айналысып жатыр. Олар – Ұлттық сараптама орталығы (Атырау қаласы), Ұлттық сараптама орталығы (Теңіз қалашығы), «Олимп» зертханасы, «Проспект Медикал» (Атырау қаласы), «Проспект…
Толығырақ »АӘК 8000-ға жуық адамға беріледі
Атырау облысында осы жылдың 1-шілдесінен 1 387 отбасындағы 7 899 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. — Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілетті адамдар саны — 2 154. Оның 28-і өзін-өзі қамтитындар, 1 049-ы көмекке жүгіну кезінде жұмысы барлар,…
Толығырақ »Перуашевтың сөзі мен прокурордың ісі
Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың мәлімдемесінен кейін прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысында жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алу дерегі бойынша тергеу бастады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. «Ақ жол» демократиялық партиясына «ОралМедРегион» ЖШС директоры Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының лауазымды басшыларының үстінен шағым түсірген. — Облыстық денсаулық сақтау…
Толығырақ »Атырауда алтын қымбаттады
Алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар бір жыл ішінде шамамен 10%-ға қымбаттады. Ең қымбат баға Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтау қалаларында тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Маусым айында зергерлік және оған ұқсас бұйымдар өндірісі 62,6 млн. теңгені құрады. Ал мамыр айында көрсеткіш бұдан да төмен болып, 55,5 млн. теңгені құраған.…
Толығырақ »Облыс әкімі ресейлік дәрігерлерге алғыс айтты
Атырау облысының әкімі ресейлік дәрігерлермен кездесіп, ризашылығын білдірді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметінше, ресейлік дәрігерлердің Атырауға келуі дер кезіндегі көмек болды. Қазір науқастар саны азайған. Атыраулықтардың коронавирус инфекциясынан сауығу динамикасы жоғарылаған. Бастапқыда дəрігер тапшылығы байқалғанмен, медицина саласы жас кадрлармен толығып жатыр. Облыстық кардиологиялық орталықтың…
Толығырақ »









