Аймақ
Спортшылар ауруханадағы жұмыстарын тәмамдады
Бір айға жуық уақыт тынысы тарылған науқастарға оттегі баллондарын тасып, көмек көрсеткен Атырау облысының спортшылары өз жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Еріктілерден құралған жергілікті спортшылар облыстық ауруханаға шілде айының басынан бастап көмекке келген. Кейін аудандық ауруханалардағы ақ халатты абзал жандарға қол ұшын беріп, қауіпті аймақта жұмыстар…
Толығырақ »Жолаушы тасымалдаған автобус тоқтатылды
Карантин кезінде Атырау – Шымкент бағытында жолаушы тасымалдаған автобус анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 4-тамыз сағат 19:30 шамасында Атырау полицейлері республикалық маңызы бар Атырау – Орал тасжолының 9-шақырымында жолаушылар тасымалдайтын автобусты тоқтатқан. Тексеру барысында, Түркістан облысы түрғыны, 35 жастағы жүргізушінің Атырау – Шымкент бағыты бойынша 30 жолаушымен жолға шыққаны анықталды.…
Толығырақ »Тегін анализ тапсыруға болады
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі емделушілердің қандай жағдайда коронавирус инфекциясына анализді тегін тапсыра алатынын хабарлады. Біріншіден, жоспарлы ем алатын науқас тәулік бойы ем қабылдайтын жағдайда; Екіншіден, квота арқылы ем қабылдар алдында; Үшіншіден, короновирус симптомдары бар науқастар міндетті түрде COVID-19 инфекциясына тегін анализ тапсырады. Емханаларда күндізгі стационарда ем қабылдаушыларға…
Толығырақ »Төтенше жағдай департаментінде – жаңа басшы
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы тағайындалды. Бұл туралы аталған ведмоствоның баспасөз қызметі хабарлады. 4-тамыз күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин Атырау облысында өткен жұмыс сапарында Атырау облыстық Төтенше жағдайлар Департаментінің жаңа бастығы – азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержановты таныстырды. Омар Бержанов еңбек жолын 1989 жылы қыркүйекте…
Толығырақ »Өтпеген жиындардан 5 млрд. үнемделді
Атырау облысының әкімдігі форум мен семинарларды өткізуден бас тартып, бюджеттің 5 млрд. теңгеге жуық қаржысын үнемдеген. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жергілікті БАҚ-пен сұхбат кезінде айтты. Оның айтуынша, пандемияға байланысты форумдар мен семинарлар, бұқаралық сипаты басым бағдарламалар қысқартылса, кейбір шаралардың форматы өзгертілген. – Біз адамдар көп шоғырланатын шаралардың бәрінен…
Толығырақ »Қандастардан келген көмек
Атырауға Ресейдің Астрахан облысында тұратын қандастарымыздан 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек келді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Атыраулық волонтер Назгүл Нәжікенованың мәліметінше, гуманитарлық көмек Астрахан облысындағы «Жолдастық» қазақ мәдениеті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан Қандықов пен «Қазақ мәдениетін дамыту» қорының төрағасы Эдуард Ысқақовтың бастамасымен жиналған. Көрші елдегі қандастар Атыраудағы ауруханамен байланыс жасап,…
Толығырақ »Облыс әкімі Құлсарыдағы құрылыспен танысты
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Жылыой ауданының орталығында салынып жатқан 75 орындық жаңа аурухананың құрылыс барысын қарап шықты. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникация қызметі хабарлады. «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» әлеуметтік бағдарламасы аясында салынып жатқан орталық аурухананың құрылысы биыл мамыр айында басталған. Аурухананың негізгі корпусы 55 орынға ыңғайланған. Балаларға арналған 10 және…
Толығырақ »Доссордағы үй күзде дайын болады
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Мақат ауданының Доссор кентінде болып, тұрғын үй нысандарының құрылыс қарқынын тексерді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Доссор кентінде салынып жатқан үшқабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы 2019 жылдың сәуір айында басталған. Оның 30 пәтері екі бөлмелі, қалғаны үш бөлмелі болады. Барлық пәтерде автономдық жылыту…
Толығырақ »«Таза Қазақстан» жедел профилактикалық шарасы жалғасуда
Атырау полицейлері Экология департаментінің өкілдерімен бірлесіп, экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Бұл туралы Атырау полиция департаменті хабарлады. 31-шілде — 3-тамыз күндері Атырау қаласы аумағында полиция қызметкерлері су қоймалары маңайларындағы азаматтардың жаппай келу орындарында 132 құқық бұзушылықты анықтаған. Деректердің басым бөлігі Жайық…
Толығырақ »Карантин ұзартылып, бетперде тағу міндеттелді
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, өңірдегі карантин режимі 17-тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте облыстық Бас санитарлық дәрігердің орынбасары Жанар Досымбаева мәлімдеді. — Облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа Қаулысына сәйкес, СПА орталықтары, жаттығу залдары, фитнес орталықтары, спорттық – сауықтыру орталықтары, бассейн,…
Толығырақ »









