Төтенше жағдай департаментінде – жаңа басшы

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы тағайындалды. Бұл туралы аталған ведмоствоның баспасөз қызметі хабарлады.
4-тамыз күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин Атырау облысында өткен жұмыс сапарында Атырау облыстық Төтенше жағдайлар Департаментінің жаңа бастығы – азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержановты таныстырды.
Омар Бержанов еңбек жолын 1989 жылы қыркүйекте Гурьев облысы Ішкі істер басқармасының №57 әскерилендірілген ӨСБ-де өрт сөндіруші қызметінен бастады.
Еңбек жолында мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшылық лауазымдарында, Атырау облысы МӨҚҚ анықтау бөлімінің бастығы, Атырау облысы бойынша «ӨС және АҚЖҚ» ММ филиалы бастығының орынбасары, Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары, Қызылорда облысы ТЖД бастығы қызметтерін атқарды.
ІІІ, ІІ, І дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдары, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, «Ерлігі үшін» мемлекеттік медалі және тағы басқа көптеген марапаттар иесі.