Спортшылар ауруханадағы жұмыстарын тәмамдады

Бір айға жуық уақыт тынысы тарылған науқастарға оттегі баллондарын тасып, көмек көрсеткен Атырау облысының спортшылары өз жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.
Еріктілерден құралған жергілікті спортшылар облыстық ауруханаға шілде айының басынан бастап көмекке келген. Кейін аудандық ауруханалардағы ақ халатты абзал жандарға қол ұшын беріп, қауіпті аймақта жұмыстар атқарған. Облыстық олимпиада ревервін даярлау орталығының әдіскері Нұрлыбек Даралиевтің айтуынша, мұндағы мақсат – дәрігерлер жұмысын жеңілдетіп, науқастарға қолдау көрсету.
Облыстық аурухананың басшылығы спортшыларға атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
Бір апта бұрын аурухана жұмысына көмек көрсеткен спортшылардың барлығы коронавирусқа тест тапсырып, аурудың белгілері анықталмаған.