10 тамыз – Абай күні

Үкіметтің қаулысымен 10 тамыз — Абай күні болып жарияланып, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Facebook-тегі парақшасында жазды.

— Сүйінші, Абай күні мерекесі құтты болсын! Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы атынан президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлы Абайдың туған күнін «Абай күні» деп атап, Ұлттық мерекеге айналдыру туралы ұсыныс берген едік. Талпынысымыз аяқсыз қалмады. Бүгін соған қолымыз жетіп отыр! Үкіметтің қаулысымен 10 тамыз — Абай күні болып жарияланып, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілгені туралы қуанышты хабар жетті! Алда келе жатқан Абай күні құтты болсын! Бұл күн енді жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтілетін болады, — делінген хабарламада.