Облыстық аурухана күрделі отаға дайын

Атырау облыстық ауруханасы жоспарлы емдеу шараларына дайындалып, таза аймақ жасақтауда. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
— Ендігі кезекте хирургиялық, неврологиялық, оңалтуды қажет ететін бейінді науқастарды емдеп бастаймыз. Тамыз айының ортасында күрделі оталарды аурухана шеңберінде жасауды жоспарлаудамыз, — дейді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.
Облыстық аурухана шілде айының басынан бері 400 кереуеттік инфекциялық стационар ретінде жұмыс жасады. Қазіргі таңда мұнда науқастардың саны азайды.
— Бұрын қабылдау бөлімшесіне тәулігіне инфекциялық аурумен 60-қа жуық науқас түсетін. Қазір тәулігіне 15-ке дейін науқас қабылдаудамыз. Бүгінгі күні инфекциялық стационарда ем қабылдап жатқан 137 науқас бар. Енді тамыз айынан бастап 200 кереуетке жоспарлы түрде емделетін науқастарды қабылдауға дайындалудамыз, — деді бас дәрігер.
Аурухананың инсульттік, зақым-жарақат бөлімшелері пандемия уақытында да жұмысын тоқтатпай, науқастарды үзіліссіз қабылдап отырды.