Аймақ
Масаң күйде құжатсыз көлік жүргізген
Атыраудың тәртіп сақшылары үш күннің ішінде 3 мас жүргізушіні тоқтатқан. Оның екеуінің бұдан бұрын да жүргізуші куәлігінен айырылғандары анықталды. 31 тамыз күні таңертең Атырау қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Гидромед» арнайы техникасын тоқтатқан. Тексеру барысында 48 жастағы жүргізуші-оператордың мас күйде екені анықталып, оған әкімшілік хаттама толтырылды. Және…
Толығырақ »Жалақы бермей жауапқа тартылды
Атырауда кәсіпорын жұмысшыларына 56 млн. теңгені кешіктіріп төлеген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметіне қарағанда, ҚР Еңбек Кодексінің 113-бабына сәйкес жалақы төлеу мерзімін сақтамай, кешіктіру деректері әлі де кездеседі. Атырау қалалық прокуратурасы мен Еңбек инспекциясының бірлескен тексеру кезінде еңбек заңнамасын бұзу, оның ішінде жалақыны уақтылы бермеу…
Толығырақ »2 жыл бой тасалап жүрген алаяқ ұсталды
Атырау полицейлері 2018 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқтық қылмысқа күдікті 35 жастағы қала тұрғынын ұстады. 2018 жылдың қараша айында полицияға алданып қалған азамат арызданған. Алаяқ көлік және контейнер сатамын деп оның сеніміне кіріп өзі мен танысынан 400 000 теңге ақшаны қолма-қол алып, телефон қоңырауын көтермей хабарсыз кеткен. Атырау қаласы Полиция…
Толығырақ »Танысын тонаған азамат ұсталды
Полиция департаменті мен Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел уәкілдері 28 тамыз күні Атырау ықшамауданындағы үйдің бірінен 14 200 АҚШ доллары мен бірнеше қымбат бұйымдар ұрлады деген күдіктіні анықтады. 47 жастағы азамат өзі араласып жүрген танысының үйіне еркін кіріп, ол жерден 14 200 АҚШ доллары мен бірнеше зергерлік бұйымдарды ұрлап, үйге…
Толығырақ »Есірткі, мылтық, оқ-дәрі сақтаған азамат ұсталды
Атырау облысы Құрманғазы ауданының полейцейлері жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде ауыл тұрғынының бірнеше рет құқық бұзғанын анықтады. 55 жастағы азаматтың мекенжайынан 43 орамға бөліп салған салмағы 900 грамм қарасора, сондай-ақ, заңсыз сақталған 16 калибрлі аңшы мылтығы, 50 дана оқ-дәрі, 62 дана гильза табылды. Бұдан басқа, ауласынан 178 түп қарасораның өсіп тұрғанын…
Толығырақ »Атыраулық 722 жұп ЭКО кезегінде тұр
Атырау облысында 722 жұп ЭКО кезегінде тұр. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі уақытта жасанды ұрықтандыру жолымен сәбилі болу үшін кезекте тұрған әйелдердің жас ерекшелігі – 24 – 42 жас аралығы. Оны жасатушыларға қаражат Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы төленіп отыр. Биыл облыста 37…
Толығырақ »Теңіз жағасынан тағы өрт шықты
Атырау облысында Каспий теңізінің жағасындағы қамыс тағы да өртенді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1 қыркүйекте сағат 19:45-те ғарыштық бақылау мониторингі арқылы теңіз жағалауындағы қамыстың өртенгені анықталған. Департаментінің 3 қызметкері оқиға орнына барып, өрттің Атырау қаласынан шамамен 35 км қашықта, Каспий теңізінің батпақты жағалауында басталғанын анықтады. 2 қыркүйекте департамент бастығының…
Толығырақ »«Сергек» жұмысын бастады
Қыркүйек басталысымен Атырауда «Сергек» бейнекамералар жүйесі іске қосылды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша айыппұл түбіртектерi 10 қыркүйектен бастап жолданады. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жүйе жылдамдықты асыру, бағдаршамның тыйым салынған түсiнен өту, «тоқта» белгiсiн анықтаушы жолақтарды басу, сондай-ақ, аталған жолаққа дейiнгi 15 метр қашықтықта қозғалыс ретiн ауыстыру сияқты…
Толығырақ »Шетел азаматын бопсалағандар ұсталды
Полицияға қала аумағында 24 тамыз күні белгісіз біреулер күш қолданып, 500 мың теңге ақша талап етті деп 44 жастағы Өзбекстан елінің азаматы арызданған. Тәртіп сақшылары ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру шарасы барысында Атырау қаласының 1983 жылғы және Жылыой ауданының 1979 жылғы тұрғынын ұстады. Айғақ зат ретінде бопсалап алынған ақша табылған. Ұсталған…
Толығырақ »«Дина» базары қайта жабылуы мүмкін
Санитарлық талаптар сақталмаса «Дина» базары жабылу мүмкін. Бұл жөнінде Атырау қалалық әкiмдiгiнiң баспасөз қызметі хабарлады. 2020 жылдың 28 тамызы мен 1 қыркүйек күндерi аталған сауда орталығында мобильдiк топпен тексеру шаралары өтті. Оған қала әкiмдiгi, санитар дәрiгерлер, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен Атырау қалалық кәсiпкерлiк және ауылшаруашылығы бөлiмiнiң мамандары қатысты.…
Толығырақ »









