«Сергек» жұмысын бастады

Қыркүйек басталысымен Атырауда «Сергек» бейнекамералар жүйесі іске қосылды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша айыппұл түбіртектерi 10 қыркүйектен бастап жолданады. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жүйе жылдамдықты асыру, бағдаршамның тыйым салынған түсiнен өту, «тоқта» белгiсiн анықтаушы жолақтарды басу, сондай-ақ, аталған жолаққа дейiнгi 15 метр қашықтықта қозғалыс ретiн ауыстыру сияқты заң бұзушылықтарды анықтайды.
Жалпы саны 774 заманауи бейнебақылау камерасы қала жолдарындағы 153 желiлiк аумақтар мен 51 жол қиылысында орналасқан. Олардың көмегімен тәртiп сақшылары аулалардағы, мектеп аумағындағы, вокзал, әуежайлардағы қоғамдық тәртiптiң сақталуын бақылайды. Қалада бұған дейiн орнатылған 750 бейнекамера қоғамдық кауiпсiздiктi күшейту мақсатында жаңа жүйеге қосылады.