Жол апаты құрбандарын еске алу күніне орай ағаш егілді

Атырау облысында жыл басынан бері 300-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апаттың көбі көліктегі жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығу, маневр жасау ережелерін сақтамау салдарынан болған. Осыған орай, патрульдік полицейлер жол-көлік апатарының құрбандарын еске алу күні қарсаңында қаламызда орналасқан саябақтарға ағаш екті. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО хабарлайды.

Жалпы, полиция тарапынан азаматтардың өз өмірін сақтап қалуы үшін қауіпсіздік шараларын естен шығармауын ескерту мақсатында акциялар мен алдын алу шаралары үнемі жүргізіледі. Соның өзінде биыл облыста көлік апатынан 90 адам көз жұмып, 412 адам әр түрлі дене жарақатын алған.

Жүргізушілер мен жолаушылар жолдың қателіктерді кешірмейтінін, әрбір қателік адам өміріне қауіп төндіретінін ұмытпауы қажет, дейді тәртіп сақшылары.