Әскерден қашып жүргендерді іздестіру жалғасады

Атырау облыстық полиция департаментінде «Күзгі кезеңгі азаматтардың әскери борышын өтеуге тарту жұмыстары» туралы жиын өтті. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО хабарлайды.

Оған Атырау обылсы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдіғани Сейдуалиев қатысты. Жиынның мақсаты – Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында белгіленген талаптарды сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуге жұмыстану. Сондай-ақ, жиында 10 қарашадан бастап Ұлттық ұлан командаларын жасақтау кезеңінде жергілікті әскери органдарымен бірлесіп шақыру пунктеріне келуден жалтарған адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар қамтамасыз етілуі талқыланды.

Атырау облысы полиция департаменті ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының талаптарын орындау бағытында қорғаныс істері жөніндегі бөлімдермен бірлескен жұмыстарды атқаруда. Учаскелік полиция инспекторлары қорғаныс істері жөніндегі бөліністерінің және жергілікті атқарушы органдары өкілдерімен бірге әскерге шақыру бойныша азаматтарға шақырту қағаздарын таратуда. Сонымен қатар, күзгі маусымда әскери борышын өтеуден жалтарып жүрген азаматтарды іздестіру бағытында да нақты жұмыстар жүргізілуде.