Вакцинация: Атырауда заң қызметкерлері көш бастап тұр

Сovid-19-ға қарсы вакцинацияланған құқықтық қызметкерлер көрсеткіші 121 %-ға жетті. Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев айтты. Спикердің айтуынша, 1 ақпаннан бастап вакцинациялауға жататын контингент арасында құқық қорғау органдары ең жоғары көрсеткішті құрап отыр. Бұл 121% немесе 2062 адамға тең келеді.

– Медицина қызметкерлері арасында көрсеткіш – 41% (2716 адам), полиция қызметкерлері арасында – 36% (882 адам), мемлекеттік қызметшілер арасында – 24% (486 адам), педагогтар арасында – 11% (2641 адам), студенттер арасында – 1,5% (201 адам). Созылмалы аурулары бар адамдарда вакцинация бойынша ең төменгі көрсеткіш – 0,4 % (250 адам), – деді Асхан Байдуәлиев.

Басқарма басшысының айтуынша, биылғы 1 ақпанынан бастап Атырау облысына «Спутник V» вакцинасының 62 700 дозасы және «QazVac»вакцинасының 1000 дозасы жеткізілген. Оның ішінде 37 500 дозаның сертификаттары бар, қалған вакциналардың сертификатттары келгенше арнайы оқушауланған орындарда сақтаулы.