Аймақ
Көршісін пышақтап өлтірді
30 тамызда сағат 00:30 шамасында Авангард-3 ықшамауданының 1973 жылғы тұрғыны бірге ішімдік ішкен 1967 жылы туған көршісімен жанжалдасып қалып, оны жылғы сол жерде пышақтап тастаған. Соның салдарынан 53 жастағы азамат жан тапсырды. Аталған дерек бойынша сараптама тағайындалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Толығырақ »Былтыр қаңтарда жоғалған азамат табылды
Атырау облысында былтырғы қаңтарда із-түзсіз жоғалған азамат Ақтөбе облысының аумағынан табылды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 2019 жылы қаңтарда үйінен шығып кетіп қайта оралмаған 1979 жылғы азаматты Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі көршілес Ақтөбе облысына шыққан іссапар кезінде Мұғалжар ауданының Қайыңды елдімекенінің аумағында далалықта мал…
Толығырақ »Қара уылдырықпен ұсталды
30 тамыз күні жедел іс-шара барысында Атырау полицейлері Ақтөбе – Астрахан тасжолының Аққыстау селосы тұсында Атырауға бағыт алған «Ваз-2114» көлігін тоқтатты. Исатай ауданы Жанбай селосының 1994 жылғы тұрғыны жүргізіп келе жатқан көлік салонынан салмағы 1 келі болатын қолдан дайындалған бекіре балығының қара уылдырығы табылды. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру…
Толығырақ »200-ге жуық отбасы пәтерлі болды
Атырауда 200-ге жуық отбасы жаңа қонысқа көшті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, апатты жағдайдағы Достық-1, Геолог ықшамауданындағы №65 және 66-жатақханалардың, Бірлік ықшамауданында орналасқан АТП-3 мекенжайының тұрғындары жаңа пәтерге ие болды. Осылайша 200-ге жуық отбасы «Береке» ықшамауданында бой көтерген жаңа тұрғын үйге қоныс…
Толығырақ »Дүкендердегі қайырымдылық жәшігін ұрлаған
Белгісіз біреу Атырау қаласында дүкендерде тұрған қайырымдылыққа арналған 2 жәшікті қолды қылды. Біріншісін Дружба көшесіндегі дүкеннен ұрласа, екінші жәшікті екі күннен кейін Датов көшесі бойында орналасқан дүкеннен алып кетіпті. Қылмыстық оқиғаның екеуі де бейнекамераға жазылып қалған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру барысында күдікті ретінде Геолог ықшамауданының 21 жастағы тұрғынын ұстады. Қазір Қылмыстық…
Толығырақ »22 тонна жүк жол бойында жанып кетті
Атырау облысында Түркиядан Қырғызстанға бара жатқан шетелдік көліктің тіркемесі өртеніп, 22 тонна жүк жанып кетті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға Исатай ауданындағы Жанбай ауылының тұсында болған. – 31 тамызда жергілікті уақытпен сағат 03:00 шамасында Астрахан – Атырау жолының бойында шетелдік «MAN» көлігінің тіркемесі өртенді. Көлік жүргізушісі Түркия…
Толығырақ »Зейнеткерді көршісі тонаған
Атырауда 67 жастағы жалғызбасты зейнеткерді тонаған көршісі ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Түн ішінде зейнеткердің жұмыссыз, ішімдік ішетін көршісі пәтеріне баса-көктеп кіріп, оны қылғындырып, ақша, банк картасы мен телефонын талап еткен. Өзіне төнген қауіптен қорыққан ол мобильді телефон мен банк картасын беріп құтылған. Көршісінен зәбір көрген зейнеткер есін жиып, өз-өзіне…
Толығырақ »Қызыл кітапқа енгізілген 118 келілік балық ауланды
Атырауда салмағы 118 келі болатын қорытпа балығы бекіре зауытына тапсырылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 31 тамызда «Амангелді» өнеркәсібі балықшылары кіші Дамбы тартымынан салмағы 118 келі болатын қорытпа балығын аулап, оны «Жайық Атырау бекіре» зауытына тапсырды. Қазір балықтың жынысы мен жасы анықталуда. Сиреп бара жатқан бекіре тұқымдас мұндай балықтар…
Толығырақ »3500-ден астам армян көлігі тіркелді
Атырауда полицейлер жүргізушілерге Армениядан кіргізілген автомобильдерді тіркеуге көмектесуде. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. – Атырауда екі күнге созылған «Жолдағы қабылдау бөлімі» атты акция өткізілді. Жүргізушілерден 180-ге жуық өтініш келіп түсті, олардың көбі армян көліктерін тіркеуге қатысты болған. Көлік иелерін негізінен осы процедура ережелері, баж құны, үшінші тұлғаның…
Толығырақ »Атыраудан Қызылордаға алғашқы рейс ұшты
Бүгін FlyArystan әуекомпаниясының «Airbus A320» 180 орындық ұшағы Атыраудан Қызылордаға алғаш рет ұшты. Осы сәттің куәсі болуға әуекомпания ұжымы жергілікті БАҚ өкілдері мен блогерлерді өздерімен бірге сапарлауға шақырды. 180 орындық «Airbus A320» ұшағының жаңа, таза, жайлы екендігіне біз де көз жеткіздік. Ең бастысы – билет бағасының арзандығы. Атыраудан Қызылордаға билет…
Толығырақ »









