Қара уылдырықпен ұсталды

30 тамыз күні жедел іс-шара барысында Атырау полицейлері Ақтөбе – Астрахан тасжолының Аққыстау селосы тұсында Атырауға бағыт алған «Ваз-2114» көлігін тоқтатты.
Исатай ауданы Жанбай селосының 1994 жылғы тұрғыны жүргізіп келе жатқан көлік салонынан салмағы 1 келі болатын қолдан дайындалған бекіре балығының қара уылдырығы табылды.
Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлімі «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» ісі бойынша жүргізілуде.