Атыраулық 722 жұп ЭКО кезегінде тұр

Атырау облысында 722 жұп ЭКО кезегінде тұр. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта жасанды ұрықтандыру жолымен сәбилі болу үшін кезекте тұрған әйелдердің жас ерекшелігі – 24 – 42 жас аралығы. Оны жасатушыларға қаражат Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы төленіп отыр.
Биыл облыста 37 жұпқа экстракорпоральды ұрықтандыруға квота берілді. Өткен жылы осындай квота 30 жұпқа берілген еді.
Бүгінгі таңда ел бойынша жасанды жолмен ұрықтандырумен 14 мекеме айналысады. Олардың қатарында Атырау қаласы да бар.