Есірткі, мылтық, оқ-дәрі сақтаған азамат ұсталды

Атырау облысы Құрманғазы ауданының полейцейлері жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде ауыл тұрғынының бірнеше рет құқық бұзғанын анықтады.
55 жастағы азаматтың мекенжайынан 43 орамға бөліп салған салмағы 900 грамм қарасора, сондай-ақ, заңсыз сақталған 16 калибрлі аңшы мылтығы, 50 дана оқ-дәрі, 62 дана гильза табылды. Бұдан басқа, ауласынан 178 түп қарасораның өсіп тұрғанын білді.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша оқшаулау орнына қамауға алынған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыс кодексінің екі бірдей бабымен «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені» және «Есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындап, кептіріп, үгітіп сақтағаны» бойынша жүргізілуде.
Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 482-бабымен «Қаруды заңсыз сақтағаны» бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді.