Билетті WhatsApp арқылы қайтарасыз
Жол жүру билеттерін және ақшалай қаражаттарын қайтару үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардан келіп түскен өтініштерді қабылдап және мәселені жедел шешу мақсатында бүгіннен бастап WhatsApp +7-707-270-36-64 мессенджерін іске қосты.
Билеттер үшін төлемдерді қайтару тәртібі мен билетті сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі:
— стансадан пойыз жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан кешіктірмей билетті қайтарған шақта ғана ақша қаражаты 5 жұмыс күні ішінде төлеушінің картасына түседі;
— стансадан пойыз жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан кем уақыт аралығында билетті қайтарған кезде ақша қаражаты жолаушының өтініші негізінде талап қою тәртібімен 30 күнтізбелік күн ішінде жолаушының картасына түседі.
Билет құнын қайтара алмаған жолаушылар WhatsApp +7-707-270-36-64 нөміріне хабарласып, ақша қайтару мәртебесін сұрастыруларына болады. Сұрау салуды жіберген кезде жол жүру билетінің нөмірін көрсету керек немесе билет кассасына жүгінген кезде жол жүру құжатының фотосуретін және жол жүру құжатын қайтару туралы түбіртекті жіберу қажет.
Ережеге сәйкес жол жүру билеттерін қайтару кезінде:
— пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан кешіктірмей жол жүру құжатының толық құны қайтарылады;
— кемінде 24 сағат бұрын, бірақ пойыз жөнелтілгенге дейін кемінде 6 сағат бұрын билет құны және плацкарт құнының 50% қайтарылады;
— пойыз жөнелтілгенге дейін кемінде 6 сағат ішінде және жөнелтілгеннен кейін 1 сағаттан артық емес уақытта билеттің құны қайтарылады, бұл ретте плацкарттың толық құны ұсталады.
Пойыз жөнелтілгеннен кейін 1 сағаттан соң жол жүру құжаттарын қайтару мүмкін емес және ақша қайтарылмайды.
Жолаушылар пойызы жүру кестесін өзгертіп, тоқтаған жағдайда жолаушылар жол жүру билеттерін қайтаруды сатып алған орны бойынша ресімдеп, ақшалай қаражаттарын толық көлемде қайтарып ала алады.