Аймақ
ПТР-тест құны арзандайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанда ПТР-тестілеу құны 22%-ға арзандайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. – Нарықта оған қажетті материалдарының бағасы арзандағандықтан Денсаулық сақтау министрлігі ПТР-зерттеу құнын 22%-ға төмендетуді ұсынды. Жеке қорғаныс құралдары мен тест бағасын да төмендету көзделіп отыр. Қазір келіссөздер жүргізілуде,…
Толығырақ »Түрмедегілер вакцинациялануда
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемеcінде отырған күдіктілер мен жазасын өтеуге қалдырылған сотталушыларды тұмауға қарсы вакцинациялау басталды. Вакцина келісім берген күдікті мен жазасын өтеушіге салынуда. Мекеменің дәрігері Рамила Күншығарованың айтуынша, вакцина мәжбүрлі түрде емес, қамауда отырған тұлғалар не сотталғандардың келісімен жүргізіледі. Вакцинаны алуға келіскендердің денсаулығы жарамды болып,…
Толығырақ »Облыстың тұрақтандыру қорына ауыл шаруашылық өнімдері сатып алынады
Атырау облысында тұрақтандыру қорына 605 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сатып алынады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жанындағы тұрақтандыру қорына ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу басталды. – Биыл «Феликс» шаруа қожалығымен 605 тонна көкөніс жеткізуге форвардтық шарт жасадық. Бұл шаруашылық 361 тонна картоп, 80 тонна пияз, 50 тонна…
Толығырақ »Оқушылардың ғылыми жұмысы халықаралық жинаққа енді
Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ұсынған ғылыми жұмыс В.Курбатов атындағы оқушылардың халықаралық ғылыми еңбектер жинағына енді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Аталған мектептің 8-сынып оқушылары – Ділназ Мүбарак пен Әзиза Абатова Ресей Федерациясында қашықтан өткен «Химия: ғылым мен өнер» атты ғылыми-жобалар конкурсына «Апельсин қабығынан тыңайтқыш әзірлеу» тақырыбындағы зерттеу жұмысын ұсынған. Нәтижесінде…
Толығырақ »Бақылау камераларымен қылмыстар ашылуда
Атырауда биылғы 9 айда бақылау камераларымен 186 қылмыс ашылған. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында мәлім болды. Облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтың мәліметінше, биылғы жылдың 9 айында 759 сыртқы бақылау камерасы арқылы 186 қылмыс ашылған. Сондай-ақ, жол жүру қағидаларын бұзушылықтарды автоматты…
Толығырақ »Жайыққа құлаған бала құтқарылды
Атыраулық азамат Жайық өзеніне құлаған 7 жасар баланы құтқарды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бұл оқыс оқиға 6 қазан күні болған. «Сұлтан Бейбарыс» көпірінің астында қараусыз жүрген 7 жасар бала Жайық өзеніне құлаған. Департаменттің диспетчерлік пультіне сағат сағат 12:02-де баланың суға құлап кеткені туралы хабар түскен. Оқиға…
Толығырақ »Праймеризге қатысушылар марапатталды
Атырау облысының әкімі бір топ праймеризге қатысушыларды марапаттады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов өткен праймериздің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, облыс атынан қатысқан барлық үміткерлерге өз алғысын білдірді. – Праймериздің негізгі мақсаты – партияішілік сайлауда өндіріп іс жасайтын, ел алдына шығар көшбасшыны таңдау. Праймериздің міндеті…
Толығырақ »720 мың теңгеден аса айыппұл өндірілді
Атырау қаласы аумағында 5 – 11 қазан аралығында «Борышкер» іс-шарасы өтуде. «Intercoptor» автоматтандырылған бақылау жүйесінің көмегімен аса ірі мөлшерде айыппұл төлемеуден жалтарып жүрген «Тойота Камри» автокөлігі анықталып, тоқтатылды. Тексеру барысында, аталған автокліктің мемлекеттік нөмірі жалған екендігі анықталып, арнайы тұраққа қойылды. 13 рет жылдамдықты асыру фактісімен «Кордон» құрылғысына түскен көлік жүргізушісі…
Толығырақ »Әкім орынбасарының кімнен пара алғаны анықталды
2020 жылдың мамырында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауоваға қатысты іс болды. Сот мемлекетке тигізген залалын өтегені үшін және қарт анасын бағып отырғаны үшін оны бостандыққа жіберіп, мемлекет пайдасына 7 млн. теңгеден астам ақша өндіру туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы qazaqstan.tv сайты хабарлады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұрсәуле…
Толығырақ »Шетелден келген 20 жолаушы карантинге жатқызылды
Атырауға Стамбул–Атырау әуе рейсімен ұшып келген 20 жолаушы карантинге жатқызылды. Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ербатырованың мәліметінше, Стамбул–Атырау халықаралық әуе рейсімен 115 жолаушы ұшып келген. Олардың арасында 95 жолаушының ПТР-тестінің теріс қорытындысы туралы анықтама болған. Ал қалған жолаушыларды карантинге жатқызу туралы шешім қабылданды. – Түркиядан әуе рейсімен…
Толығырақ »









