Түрмедегілер вакцинациялануда

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемеcінде отырған күдіктілер мен жазасын өтеуге қалдырылған сотталушыларды тұмауға қарсы вакцинациялау басталды. Вакцина келісім берген күдікті мен жазасын өтеушіге салынуда.
Мекеменің дәрігері Рамила Күншығарованың айтуынша, вакцина мәжбүрлі түрде емес, қамауда отырған тұлғалар не сотталғандардың келісімен жүргізіледі. Вакцинаны алуға келіскендердің денсаулығы жарамды болып, созылмалы ауруы болмауы керек.
Қазір 100-ден астам адамға вакцина салынған.