ПТР-тест құны арзандайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанда ПТР-тестілеу құны 22%-ға арзандайды.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
– Нарықта оған қажетті материалдарының бағасы арзандағандықтан Денсаулық сақтау министрлігі ПТР-зерттеу құнын 22%-ға төмендетуді ұсынды. Жеке қорғаныс құралдары мен тест бағасын да төмендету көзделіп отыр. Қазір келіссөздер жүргізілуде, баға шамамен осы айдың соңында бекітілетін болады, – деді Цой.
Сондай-ақ, ол қазір зертханалар тәулігіне 48 мыңға жуық тест жасай алатынын айтты. Өңірлерді зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету, мамандарды оқыту жұмыстарының нәтижесінде жалпы тестілеу қуаты тәулігіне 63 мың зерттеуге жетеді.