Қай елдермен әуе рейсі қысқартылады?

Қазақстан бірнеше елмен әуе байланысын қысқартпақ. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді.
– Тиісті жоспар бар және оны таяуда жүзеге асырамыз. Осы орайда бірнеше бағыт бойынша әуе рейстерін қысқарту ескерілген. Бұл тұрғыда Украина, Германия, Беларусь, сондай-ақ, БАӘ қамтылмақ. Сонымен қатар, бұған дейін Түркиямен арадағы рейстерді қысқарту туралы жариялаған едік, – деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.