Аймақ
Көлік апатынан қаза тапқандар туралы мәліметтер жарияланды
Атырау облысында 9 адам қаза тапқан жол-көлік апатына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. 4 қазан күні Атырау облысындағы Атырау – Ақтөбе тасжолында екі көлік соқтығысып, салдарынан екі көліктің жүргізушісі, жолаушылары – барлығы 9 адам түгелдей көз жұмған еді. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев оқиға бойынша тергеу басталғанын айтты. Облыстық…
Толығырақ »«Сервистік әкімдік» тағы бір ауданда ашылды
Атырау облысының Исатай ауданының орталығы Аққыстауда «Сервистік әкімдік» ашылды. Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиевтің мәліметінше, мақсат – тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметті бір орталыққа шоғырландырып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу. Және ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай ашылып отыр. – « Сервистік әкімдік» кеңсесінің ғимаратында…
Толығырақ »Университет алдына мұнай сорғысы қойылды
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті алдына қойылған мұнай сорғысының саланатты ашылуына қатысты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Мұнай өндірудің символы мұнай сорғысы ұзақ жылдар бойы отандық мұнай-газ саласындағы іргелі кендердің бірі «Ембімұнайгаз» АҚ-да пайдаланылып келген. Енді салалық университет алдына сивмол ретінде орнатылды.…
Толығырақ »Сағызда – жаңа әкім
Қызылқоға ауданы әкімінің 2020 жылғы 5 қазандағы №241 өкімімен Әбишан Нұралы Төрәліұлы Сағыз ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды. Әбишан Нұралы Төрәліұлы 1989 жылы, 1 наурызда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Отбасылы. Білімі жоғары. 2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару»…
Толығырақ »Атырауда эстакада жабылады
Жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аясында 6 қазан күні сағат 8:00-ден бастап Құрманғазы көшесіндегі жол бөлігі, яғни Құлманов көшесінен Авангард бағытына қарай шығатын бөлу жолағына дейін апаратын өткел жабылады. Бұл туралы қалалық ТКШ бөлімі хабарлады. Құрылыс жұмыстары 6 – 22 қазан аралығына жоспарланған.
Толығырақ »Жол-құрылыс жұмыстарындағы қайғылы оқиға
Атырау облысында асфальт тегістейтін техниканың жүргізушісі учаске басшысын басып кетті. Бұл туралы azh.kz хабарлады. Оқиға 3 қазан күні сағат 17:30-да Ақтөбе – Атырау – Астрахан тасжолының Сағыз округі тұсындағы жол-құрылыс жұмыстары кезінде болған. Асфальт тегістейтін техниканың жүргізушісі байқаусызда учаске басшысының аяғын басып кеткен. Соның салдарынан ер адам жедел жәрдем көлігінде…
Толығырақ »Бір күнде 12 жүк көлігі құқық бұзған
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Атырау каласы аумағында жол жүру ережесін бұзған жүк көліктерін тоқтатуда. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Бір күнде жүк көліктері тарапынан 12 құқықбұзушылық анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы «Жол белгісі талабын орындамау» бойынша жүргізушілеріне хаттама толтырылды. Сондай-ақ, 50 004 теңге айыппұл салынған. Жалпы, жыл басынан…
Толығырақ »Құрманғазылық жас ұстаз үздіктер қатарынан көрінді
Атырау облысының Құрманғазы ауданында тұратын жас ұстаз Ұлдана Наурызғалиева Британдық кеңес ұйымдастырған бастауыш және орта сынып оқушыларына арналған «Ағылшын тілінен үздік видео сабақ» онлайн байқауына қатысып, үздік 30 мұғалімнің қатарына енді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Ұлдан Наурызғалиева Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген. Еңбек жолын…
Толығырақ »Атырауда жасырын казино анықталды
ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағының көмегімен жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде, «Бомонд» кафесінің VIP залында орналасқан жасырын казино қызметінің жолын кесті. ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, казиноның ұйымдастырушылары пандемия кезінде карантин режимін бұзып, заңсыз ойын бизнесін…
Толығырақ »300-ден астам атыраулық пәтерлі болды
Атырауда қала күніне орай 300-ден астам атыраулық пәтер кілтін алды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Атырау қаласының «Нұрсая» ықшамауданында орналасқан 240 жаңа пәтер мен «Береке» ауданында орналасқан тағы бір көпқабатты тұрғын үйден 70-тен астам пәтер берілді. «Нұрсая» ықшамауданынан баспана бұйырғандардың көбі апатты жатақханада тұрып келгендер. Қоныс тойын тойлап жатқандардың…
Толығырақ »









