Сағызда – жаңа әкім

Қызылқоға ауданы әкімінің 2020 жылғы 5 қазандағы №241 өкімімен Әбишан Нұралы Төрәліұлы Сағыз ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.

Әбишан Нұралы Төрәліұлы 1989 жылы, 1 наурызда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Отбасылы. Білімі жоғары. 2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2018 жылы Батыс Қазақстан инновациялар және телекоммуникациялар жүйесі университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы «КСБ-груп» ЖШС-де жүргізуші болып бастаған. 2012-2014 жылдары Сағыз ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып қызмет атқарған. 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін Сағыз ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.