Жол-құрылыс жұмыстарындағы қайғылы оқиға
Атырау облысында асфальт тегістейтін техниканың жүргізушісі учаске басшысын басып кетті. Бұл туралы azh.kz хабарлады.
Оқиға 3 қазан күні сағат 17:30-да Ақтөбе – Атырау – Астрахан тасжолының Сағыз округі тұсындағы жол-құрылыс жұмыстары кезінде болған.
Асфальт тегістейтін техниканың жүргізушісі байқаусызда учаске басшысының аяғын басып кеткен. Соның салдарынан ер адам жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды.