Бір күнде 12 жүк көлігі құқық бұзған

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Атырау каласы аумағында жол жүру ережесін бұзған жүк көліктерін тоқтатуда. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бір күнде жүк көліктері тарапынан 12 құқықбұзушылық анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы «Жол белгісі талабын орындамау» бойынша жүргізушілеріне хаттама толтырылды. Сондай-ақ, 50 004 теңге айыппұл салынған.

Жалпы, жыл басынан жүк көліктерге қатысты 435 хаттама жасақталып, оларға 1 812 645 теңге айыппұл салынған.