720 мың теңгеден аса айыппұл өндірілді

Атырау қаласы аумағында 5 – 11 қазан аралығында «Борышкер» іс-шарасы өтуде.

«Intercoptor» автоматтандырылған бақылау жүйесінің көмегімен аса ірі мөлшерде айыппұл төлемеуден жалтарып жүрген «Тойота Камри» автокөлігі анықталып, тоқтатылды.

Тексеру барысында, аталған автокліктің мемлекеттік нөмірі жалған екендігі анықталып, арнайы тұраққа қойылды. 13 рет жылдамдықты асыру фактісімен «Кордон» құрылғысына түскен көлік жүргізушісі 1996 жылғы азаматқа ӘҚБтК-нің 590-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, 131 195 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Аталмыш шараның 2 күнінде айып тұрағына 7 көлік қойылып, борышкерлерден 720 019 мың теңге айыппұл өндірілді.