Жаңалықтар - 07.10.2020

Цифрлық құжаттар қолданысқа енеді

12 қазаннан бастап елімізде цифрлық құжаттар қолданысқа енеді. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Цифрлық даму министрінің тиісті бұйрығына сай сандық құжаттар қызметі жүйелі пайдаланыла бастайды. Бұл «Электронды үкімет» мобильді қосымшасының бір бөлігі саналады. Цифрлық құжаттар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде жасалады. Бұл қызмет түрін алу үшін электронды цифрлық қолтаңба болуы қажет және мобильді қосымшаға тіркелу керек.

Жүйеге кіріп, қызметті пайдалану үшін әр қолданушыға QR-код ұсынылады. Кейін мемлекеттік қызметтер заңнамаға сай ұсынылады.