Жаңалықтар - Заң - 21.09.2023

Екі баласын 2 млн. теңгеге сатқан жетісулық әйел ұсталды

«23 жастағы Панфилов ауданының тұрғыны жаңа туған нәрестесін бір перзентке зар болып отырған өзге отбасына 1 млн. теңгеге сатқан» деп хабарлайды» Батыс-Инфо»

Бұл келіншектің былтыр да бір жастағы ұлын өзге бір отбасыға 1 млн. теңгеге сатқаны анықталды. Қылмыстық істе арада делдал жүрген. Бала алушы ретінде 4 азамат күдікті болып отыр. Жалпы биыл елде адам саудасына қатысты 30 қылмыстық іс ашылған. Оның ішінде жиі кездесетіні: еңбек құлдығында ұстау, адам ағзасын саудалау және жезөкшелікпен айналысуға күштеп мәжбүрлеу деректері.

— ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы «кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша әйелге келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы таңдалды. Ал балалардың екеуі де асырап алған ата-аналарының қолында,-дейді  Жетісу облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

 

Фото halyq-uni.kz сайтынан алынды