Жаңалықтар - 21.09.2023

Атырауға жаз айларында 25 мыңнан астам турист келген.

eQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша жаздың үш айында елімізге 448 мың шетелдік турист келді. Олардың 64,6%-ы ер азаматтар. Ал шетелдік қонақтардың басым бөлігі 30-44 жас аралығындағылар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шетелдіктер ең көп тоқтаған өңірлердің көшін Алматы қаласы бастап тұр. Оңтүстік астанамызға 139 мыңнан астам турист келген. Ал, екінші орында Астана қаласы. Елордаға жазғы маусымда 68 мың шетелдік қонақ тоқтаған. Үздік үштікті Алматы облысы түйіндейді. Мұнда 34 мыңға жуық шетелдік саяхаттап келген.

Еліміздің батысы да шетелдіктер жиі баратын өңір саналады. Мәселен, жаздың үш айында Маңғыстау облысына 28 мыңнан астам шетел азаматы келсе, Атырау облысына 25 мыңнан артық шетелдік турист тоқтаған.

«Сондай-ақ Ақмола облысына 21 мыңға жуық, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарына 14 мыңнан астам шетелдік турист келген. Жалпы алғанда, жыл басынан Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 1,8 есе артып отыр. 2023 жылдың соңына дейін елімізге 1,4 млн шетелдік турист келеді деп болжануда»,-деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

 

Фото travelask.ru сайтынан алынды