Жаңалықтар - Заң - 10.10.2023

Блогер 10 жылға сотталды

Алматыда түнгі клубта есірткімен ұсталған блогер 10 жылға сотталды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның арнайы жасағы мен ЕҚҚІҚБ жедел қызметкерлері сәуір айында Алматының Медеу ауданында орналасқан барлардың бірінде арнайы іс-шара жүргізген болатын.

«Түнгі сағат екіде түнгі клубта 19 жастағы Т. есімді азамат ұсталды, оның оң жақ шалбарының қалтасынан көк түсті изолентаға оралған, ұнтақ пен кесек пішінді, ашық түсті синтетикалық зат салынған үш байлам табылды. Жұмыс нұсқаларының біріне сәйкес, бұл мефедрон есірткісі. Заттың нақты кімдікі екендігін анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,-деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.