Ауласында қарасора өсірген

Атырау полиция қызметкерлері «Қарасора» алдын алу шарасы барысында Еркінқала тұрғынының ауласынан заңсыз өсірген 1 898 түп қарасора тапқан. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тексеру барысында бұдан басқа да кептірілген есірткі табылған. Сараптама қорытындысы бойынша кепкен өсімдіктің салмағы – 1 килограмм 25 грамм.

– Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер ҚР Қылмыстық Кодексінің 300 және 296-баптары, «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» және «Есірткі психотроптық заттарын, сол тектестермен өткізу мақсатымен заңсыз жұмыс істеу» бойынша жүргізілуде, – деді департамент бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев.