Армян көліктерін тіркеу 1-қыркүйек аяқталады

Атырау облысында Армения Республикасынан әкелінген 2 600-ден астам көлік тіркелді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының аумағына Армения елінен әкелінген автокөлік құралдарын тіркеу 1-қыркүйекте аяқталады. Көліктері тіркеуден өтпеген тәртіп бұзушыларға 27 780 теңге көлемінде айыппұл салынып, көлік құралы айыппұл тұрағына қалдырылады.
– ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Қазақстанға Армения Республикасынан 2020 жылдың 1-ақпанына дейін әкелінген көлік құралдарын тіркеу жұмыстары 1-маусымнан басталды. Тіркеуге жеткілікті уақыт берілді, ал тіркеу мерзімін ұзарту қарастырылмаған, – деп ескертеді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.