Тыныштық уақыты өзгерді

2020 жылғы 7-шілдедегі Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Заңмен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімшілік Кодексінің 437-бабына сәйкес, жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы сағат 09:00-ге дейін, жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіру, тұрғын үйлерде және одан тыс жерлерде жұмыстар жүргізу – тыныштықты бұзу деп саналады. Тек демалыс пен мереке күндері ғана тыныштықты бұзу сағат 23:00-ден сағат 10:00-ге дейін өзгертілген.
Тыныштықты бұзған жеке тұлғаларға 5, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 30, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Атырау полицейлерімен облыс аумағында жыл басынан бері 1 200-ден астам тыныштықты бұзу деректері анықталған.