Израильдегі соғыс: 124 қазақстандық елге жеткізіледі

Израильдегі соғыс жағдайының өршуіне байланысты сол елде жүрген 124 қазақстандық арнайы репатриациялық рейспен елге жеткізіледі.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

«Бүгін 10 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Израильдің Тель-Авив қаласынан Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шықты. Бортта 166 жолаушы бар, олардың ішінде 124 ҚР азаматы және 42 шетелдік азамат. Бүгін кешке ұшақ Алматы қаласына келеді деп күтілуде», — деп жазылған министрліктің хабарламасында.

«Қазірдің өзінде Қазақстанның 150 азаматын тізімге тіркедік. Арнайы рейстің ашылғанын таңертең жариялағандықтан, күндіз қоңырау шалған адам көп болды. Бағана айтқандай, біз тізімді әу бастан жасап қойғанбыз, кімнің қайда екенін алдын ала біліп отырдық. Соның арқасында жұмыс жеңіл өтті», — деді Сатыбалды Бұршақов.

Дереккөз: ҚазАқпарат