Қарабау–Индер тасжолына қосымша қаражат бөлінеді

Қарабау–Индер тасжолына қосымша қаражат бөлінеді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәлімжан Нақпаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Жазбада былай делінген:

«2021 жылдың Республикалық бюджетін нақтылау бойынша Қарабау–Индер тас жолына қосымша қаражат бөлінбекші. Бұл біздер үшін қуаныш! Депутаттық сауалым осы қосымша қаражат бөлдіру туралы боған. Амандық болса, келесі аптада қаражат бөлу жөнінде министрлікпен бірге қаржы және бюджет комитетінің жиналысы өтеді. Сол жиналыста қаражат бөлу қорытындалады. Бұйыртса, сол кезде қосымша айтамыз. Қуаныш көбейсін, өздеріңізді, айналаңызды сақтай жүріңіздер! Амандықпен кездесейік!

“Nur Otan” партиясы фракциясының мүшесі С. Нақпаев»
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Сәлімжан Нақпаев бұған дейін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловқа Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Индер–Қарабау тасжолының құрылысын аяқтауға қажетті қаражатты бюджеттен бөлу туралы хат жолдаған еді. Хатта құрылысы жүріп жатқан жолға бөлінген қаражаттың жалпы сомасы түгелдей көрсетілген.