Қызғалдақ жұлуға тыйым салынбайды

Италия халқы елдің солтүстігінде орналасқан Арезедегі қызғалдақтарды тамашалауға қайта келе бастады. Өткен жылы коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты гүл алқаптары бос қалған еді.

Енді италиялықтар түрлі түсті гүлдерді сырттай тамашалап қана қоймай, өздері үшін де жинай алады. Гүл алқабына бір уақытта 300-ден аспайтын адам ғана кіре алады. Бір күнде бұл жерге шамамен 1500 адам келеді.

Кіру билетінің бағасы 4 еуро тұрады. Сол сомаға екі қызғалдақ та кіреді. Әр қосымша гүлге бір еуродан төлеу керек. Арездегі гүл алқабынан қызғалдақтың 450-ге жуық түрін табуға болады. Олардың қатарында қанық түсімен және пішінімен ерекшеленетін тотықұс қызғалдағы да кездеседі. Әр гүлдің өзіне тән қайталанбас әдемілігі бар. Арез паркі сәуір айының соңына дейін ашық болады.