Оқушылар оқулықтармен толығымен қамтылады

Атырау облысының мектептеріне 738 353 жаңа оқулық жеткізілді. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев хабарлады.
Оның мәліметінше, биыл жаңа оқулықтар сатып алу үшін 19 баспамен 110 келісімшарт жасалған. Келісімшартқа сәйкес баспалардан 738 353 дана оқулық сатып алынып, қазір олар мектептерге таратылып жатыр.
– Жаңа басталған оқу жылында атыраулық оқушылар кітаптан еш таршылық көрмейді, – деді басқарма басшысы Сатқан Есенғалиев.