Мәдениет - 26.04.2021

«Исатай Тайманұлы – азаттық жолындағы күрескер» атты шара өтті

Қазақ халқының ұлы батыры, бодандық езгіге қарсы тұра білген көрнекті қолбасшы Исатай Тайманұлының туғанына 230 жыл толуына орай Атырау жоғары медициналық колледжінде «Исатай Тайманұлы-азаттық жолындағы күрескер» атты шара өткізілді.
Шара модераторы, колледж директоры Елдос Кдрсихов Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Исатай Тайманұлын зерттеуші ғалым Аманкелді Шамғонұлын колледж оқытушылары мен студенттеріне таныстырды. Ғалым Исатай батыр туралы өз зерттеулері туралы толық тарихи деректер келтірді.
Әлеуметтік экономикалық пәндер оқытушылары К.Жақсиев, Н.Мухамбетова Исатай–Махамбет көтерілісі мен батырлардың кесенелері туралы баяндама жасады. Махамбеттің Исатайдың қазасына арнап шығарған «Қызғыш құс» өлеңін «Мейіргер ісі» бөлімінің 339 топ студенті Меңдіғалиева Жанель мәнерлеп оқып берді.
Шара соңында профессор ғалым Амангелді Шамғонұлы «Ұлы дала батыры Тайманның ұлы Исатай» атты кітабын колледж кітапханасына сыйға тартты.