Әлеумет - 02.10.2020

Тұщықұдық ауылының әкімі «Үздік іскер-шаруа» атанды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауы аяқталды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған додада «Үздік іскер-шаруа әкім» номинациясы Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Өтеғалиевке табысталды.

Республикалық конкурстардың жеңімпаздары мен қатысушылары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Анар Жаилғанованың атынан грамоталармен, дипломдармен және алғыс хаттарымен марапатталған.

Конкурстың мақсаты елдің ауылдық елді мекендеріндегі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жергілікті бастамаларды, оның ішінде қоғамдық өзін-өзі басқару ұйымдарын ынталандыру, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендерді дамытуға елеулі үлес қосатын үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу болып табылады.