Атыраулық «Шумахер» 1 миллион айыппұл арқалады

Атырау қаласында патрульдік полицейлер айыппұлдарын төлемей жүрген көліктерді тоқтатуда.

Жылдамдық өлшегіш құралына 22 рет түскен «ВАЗ-2110» көлігінің жүргізушісіне салынған айыппұлдардың жалпы соммасы 417 мың 890 теңге болса, «Lexus» маркалы автокөлік жылдамдығын 8 рет асырғандықтан 152 790 теңге айыппұл арқалаған. Ал жылдамдықты 45 рет асырған екінші «ВАЗ-2110» автокөлігіне 1 миллион 13 мың 970 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Айыппұлдарын төлемеген автокөліктер ақылы тұраққа койылды.