Әлем - 02.10.2020

Трамп пен әйелі коронавирус жұқтырды

АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның зайыбы Мелания коронавирус жұқтырды.

Президент Трамп өзінің және зайыбының COVID-19 жұқтырғаны туралы жаңалықты Twitter-дегі ресми парақшасында жұма күні растады.

– Бүгін кешке АҚШ-тың бірінші ханымы және мен коронавирусқа тест тапсырдық. Ол оң нәтиже көрсетті. Біз дереу карантинге шығып, ем қабылдауды бастап кеттік. Біз бұны бірге еңсереміз, – деп жазды президент Twitter-де.