Денсаулық - 02.10.2020

Қала күніне орай жедел жәрдем көлігі көбейді

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыстық медициналық жедел жәрдем стансасына 22 жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

– Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өңірдің денсаулық саласы 22 медициналық жедел-жәрдем көлігімен толығып отыр. Пандемияның бірінші кезеңіндегі кемшіліктерімізді толықтырып бүгінгі күні екінші толқынға дайындық пысықталуда. Облыста дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтар қоры жеткілікті. Дәрігерлер мол тәжірибе жинақтады. Үкіметтің қолдауымен денсаулық сақтау саласына көмек көрсету жалғасады. Қараша айында тағы 18 медициналық жедел жәрдем көлігі жеткізіледі, – деді Махамбет Досмұхамбетов медициналық жедел-жәрдем көлігінің кілтін табыстау салтанатында.

Келесі жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен  қосымша 60 санитарлық автокөлікпен жабдықтау жоспарланып отыр. Заманауи автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құралмен-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.