Атырауға жеміс ағаштары мен көшеттер отырғызылуда

Атырау қаласының 380 жылдық мерейтойына орай қалаға 1000 дана жеміс ағашы мен тал көшететрі отырғызылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жеміс ағаштары мен талдардың көшеттері атыраулық белсенді азаматтардың ұсынысымен ашылған
«Балықшы» саябағындағы 2 гектар алаңға егілуде.

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетовте аталмыш шараға қатысып, алма ағашы көшетін отырғызды.
Өз кезегінде қала әкімі Қайрат Оразбаев жыл басынан бері қаланы көгалданыру жоспарына сәйкес, 20 мыңдай тал егіліп, қазір өсіп жатқанын атап өтті.

Іс-шараға «ТШО», «НКОК», «АМӨЗ», «Ембімұнайгаз» АҚ мен Интергаз сияқты мұнай саласындағы бес ірі мұнай саласындағы компания басшылары да келген.