АҚШ тұрғыны сэндвич жеймін деп байлыққа кенелді

АҚШ тұрғыны сэндвич жеймін деп байлыққа кенелді. Қарны ашқан ер адам сэндвич сатып алмақ болып дүкенге кіреді. Ол сол жерде фаст-фудпен бірге лоторея билетін сатып алған. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО сайты хабарлады.

Арада бірнеше күн өткен соң жолы болғыш америкалық ұтысқа арналған билеттің беткі қабатын тырнап көріп, өзінің 5 миллион доллар жеңіп алғанын білген.

Бастапқыда өз көзіне өзі сенбеген ол барлық ақшаны бірден қалтасына басқан көрінеді. Ал лоторея сатқан супермаркет бонус ретінде 10 мың доллар көлемінде сыйақыға ие болды.