АҚШ Қазақстанға тағы да ақша бөлді

Америка Құрама Штаттарының Үкіметі АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанда COVID-19 індетінің таралуын төмендету үшін қосымша 348 миллион теңге (800 000 АҚШ доллар) бөлді.

— Қазақстан вирустың таралуын тоқтату үшін батыл шаралар қабылдауда. COVID-19-ға қарсы күресте АҚШ Үкіметі Қазақстанды және әлемдегі басқа серіктестерді қолдайды, — деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер. Сондай-ақ, ол халықаралық қауымдастық ретінде бар күш-жігерімізді біріктіріп, әрқайсымыздың үйде қалып және үкіметтің нұсқауларын орындау арқылы індетті жоюға өз үлесімізді қоса алатынымызды айтты.