Атырауда жылыту маусымы аяқталды

Атырау қаласында 20-сәуірден бастап көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру тоқтатылды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл ауа температурасының құбылмалы болуына орай жылыту маусымы сәуірдің 20-сына дейін ұзартылды. Енді ауа температурасының жоғарылауына байланысты қаладағы тұрғын үйлерге жылу беру тоқтатылды. Бірақ пандемия кезінде үздіксіз науқас қабылдап жатқан медициналық ұйымдар әзірге жылу жүйесінен ажыратылмайды.

Мамандардың айтуынша, биыл облыс орталығындағы жылыту маусымы күрделі басталып, сәтті аяқталған. Өйткені, қаладағы тозығы жеткен бірқатар жылу жүйелері жаңартылды. Сондай-ақ, Нұрсая ықшамауданындағы №55 және №70 тұрғын үйлердің аралығындағы 16 үйдің құбыры алмастырылып, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды.