Атырау: 97 адамнан коронавирус анықталды

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өсуде. Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында 73 адамнан, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 8 науқастан коронавирус індеті анықталды. Сондай-ақ, соңғы тәулікте Жылыой ауданының 2, Индер ауданының 6, Құрманғазы ауданының 5, Мақат ауданының 3 тұрғынынан қауіпті індет тіркелді. Инфекция 43 науқаста тиісті белгілермен өтуде.

Ал өткен тәулікте облыста коронавирустан 143 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 1 235 адам үй жағдайында, 173-ы модульдік ауруханада, 89-ы облыстық аурухананың инфекциялық стационарында, 102-сі фтизиопульмалогиялық орталықта және 153 адам аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 153 науқас емделуде.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша әлі «қызыл» аймақта қалып отыр.