Жаңалықтар
«ТШО» тағылған айыптарға қатысты пікір білдірді
«Теңізшевройл» компаниясы өкілдері кен орнындағы жемқорлық пен улы қалдықтарға назар аударуды сұрап видеоүндеу жасаған қызметкерге қатысты пікір білдірді. Хабарламада «Теңізшевройлдың» өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратыны, адамдардың денсаулығы және қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауға басты назар аударатыны туралы жазылған. – Қазақстандық экологиялық заңнамаға сәйкес, ТШО атмосфералық ауаның мониторингін қамтитын…
Толығырақ »Ескі банкноттарды айырбастау мерзімі ұзартылды
Ұлттық банктің баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімі 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартылды. – Халықтың өтінішімен айырбастау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, әсіресе, зейнет жасындағы қариялар әртүрлі себепке байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген, – деді…
Толығырақ »Елде автокөлік құны 2 есе қымбаттаған
Қазақстанда жаңа автокөліктердің құны соңғы алты жылда екі еседен астамға қымбаттаған. Бұл туралы zakon.kz хабарлады. «КазАвтоПром» деген одақтың келтірген деректеріне сенсек, 2020 жылдың 10 айында автокөліктің орташа құны 10,5 млн. теңгеге жетті. Оның ішінде импорттық автотехника– 13,6 млн. теңге, елде құрастырылатындары – 7,6 млн. тенге. 2014 жылы жаңа автокөліктің орташа…
Толығырақ »Мақатта жаңа нысандар бой көтеруде
Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкін хабарлады. – Биыл Мақат ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 3 жоба жүзеге асырылуда. Соның негізінде Мақат кентінде көше жарығы құрылысы мен кентішілік автокөлік жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, мұнда көпфункционалды спорттық кешен салыну…
Толығырақ »Кеше 62 адамнан Covid-19 анықтылды
Атырау облысында өткен тәулікте 62 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 11-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 39 жұмысшы, Жылыойдан – 1, Қызылқоға – 5, Махамбет – 5, Құрманғазы ауданынан 1…
Толығырақ »Мектепте ақылы олимпиадаларға қатаң тыйым салынды
ҚР БҒМ-ның хабарлауынша, ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді. Қазақстанда кейбір жеке тұлғалар педагогтерге арналған жалған наградаларды жасап, оларды оңды-солды сатып жатыр. Күмәнді ақылы конкурстарға қатысу нәтижесінде алынған наградалар мен дипломдар педагогтерді аттестаттаудан өткізу кезінде ескерілмейді. Бұл мәселеге ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат кеңесінде назар аударылды. ҚР БҒМ…
Толығырақ »Мақатта 1 382 адам жұмыспен қамтылды
Биыл Мақат ауданында 1 382 адам жұмысқа орналастырылған. Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкін облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. – Қазіргі уақытта аудандағы жұмыссыздар саны – 1 892, оның ішінде 778 адам ресми түрде тіркеліп тұрғандар. Ал жыл басынан бері 1 382 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, 64…
Толығырақ »Индердегі ас тұз зауыты жақында аяқталмақ
Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен отырыста аудан басшысы мәлімдеді. ⠀ Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауидың айтуынша, қазіргі таңда құрал-жабдықтарды сатып алу жұмыстары мен мамандарды оқыту жүргізілуде. Аталған зауытта жергілікті 60 жұмысшы еңбек ететін болады. Зауыттың сағатына 25 тонна ас тұзын өндіретін мүмкіндігі бар. ⠀ Сондай-ақ, Кәсіпкерлік және…
Толығырақ »Атырауға 34 жолаушы анықтамасыз келген
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 желтоқсанда Атырауға Мысырдың Шарм-эль-шейх қаласынан 150 жолаушы ұшып келген. Оның ішінде 34 жолаушыда ПТР-тест нәтижесі бар анықтама болмаған. – Мысырдан ұшып келген барлық жолаушыдан коронавирусқа қарсы сынама алынды. Зерттеу қорытындысы теріс нәтиже көрсетіп, жолаушылардан қауіпті инфекция анықталмады. Қазір олар үйіне жіберілді, –…
Толығырақ »Атырау мен Маңғыстау облыстары арасына санитарлық бекет қойылады
25 желтоқсаннан бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлімдеген. Оның айтуынша, өңірде коронавируспен сырқаттанушылар санының көптеп тіркелуіне байланысты облыстық жедел штаб жаңа қаулы әзірлеп жатыр. Оған сәйкес, Маңғыстау және Атырау облыстарының арасында санитарлық пост…
Толығырақ »









