Ескі банкноттарды айырбастау мерзімі ұзартылды

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімі 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартылды.

– Халықтың өтінішімен айырбастау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, әсіресе, зейнет жасындағы қариялар әртүрлі себепке байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген, – деді банктің қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.

Айта кетсек, қазақстандықтар ескі банкноттарын Ұлттық банктің филиалдарында ғана айырбастай алады. Олардың мекенжайы мен байланыс телефоны туралы ақпарат банктің сайтында жарияланған.

1 ақпаннан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады.