Елде автокөлік құны 2 есе қымбаттаған

Қазақстанда жаңа автокөліктердің құны соңғы алты жылда екі еседен астамға қымбаттаған. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

«КазАвтоПром» деген одақтың келтірген деректеріне сенсек, 2020 жылдың 10 айында автокөліктің орташа құны 10,5 млн. теңгеге жетті. Оның ішінде импорттық автотехника– 13,6 млн. теңге, елде құрастырылатындары – 7,6 млн. тенге.

2014 жылы жаңа автокөліктің орташа құны 4,9 млн. теңге болған екен. Бұл биылғы бағалардан 2,1 есеге арзан еді.