Кеше 62 адамнан Covid-19 анықтылды

Атырау облысында өткен тәулікте 62 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 11-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 39 жұмысшы, Жылыойдан – 1, Қызылқоға – 5, Махамбет – 5, Құрманғазы ауданынан 1 адам тіркелген.
Олардың 20-ында ауру симптомды түрде өтуде.
Сонымен қатар, кеше коронавирус инфекциясынан 12 адам емделіп шыққан.

Айта кетсек, қазіргі уақытта 268 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда – 100, аудандағы инфекциялық стационарда – 16, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 380 адам ем қабылдауда.